Оқиға

Әскери қызметкерлер қыз баланы зорламақшы болғандардан аман алып қалды

  • © humanrights.org.ua

    © humanrights.org.ua

Алматы облысы Ұйғыр ауданы "Қалжат" елді мекенінің маңайында Қазақстан әскерлерінің біріккен "Айбалта" стратегиялық командалық-штабтық оқуына барған Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қыз баланы зорламақшы болғандардан аман алып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.


"14 сәуірде кешкі сағат 22:00 шамасында "Айбалта" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына тігілген біріккен далалық лагерьді күзету және қорғау бойынша патрульде жүрген кіші сержант Рамиль Шормаков және старшина Айбек Мухамеди жанұшыра көмекке шақырған әйел адамның даусын естиді. Естігендерін бірден лагерь бойынша кезекші аға лейтенант Нұрсұлтан Қуандыққа баяндап, көмекке шақырған адамға қарай асығады. Оқиға орнына жылдам жеткен патрульге қыз бала өзін бейтаныс екі адамның зорламақ ниетте болғанын, көмекке келе жатқан адамдарды байқап, қашып кеткендігін айтады", - делінген хабарламада.


Ұландық әскерилердің 102 нөміріне хабарлаған шақыртуы бойынша оқиға орнына Шонжы аудандық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы келіп, бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде 1985 жылғы А. және 1974 жылғы В. деген екі ер адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтау үшін Шонжы аудандық полиция басқармасына жөнелтіліп, қылмыстық іс қозғалды.


Ұландықтардың қырағылығы мен жылдам әрекет етуінің арқасында Алматы облысының тұрғыны бұзақылардың арам ойының құрбаны болудан аман қалды.


Қыз бала далалық лагерьден жеткен өзінің құтқарушыларына алғысын білдірді.


 




Көрілген: 709    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 19:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31