Оқиға

Ата-анасынан қорғауды өтінген оқушының оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Атырауда жуылмаған ыдыс-аяқтың кесірінен әкесінің жанжал шығарғанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған жасөспірімнің жеке басы анықталды.

 

Атырау облысы білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, видеоның авторы Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының 11 сынып оқушысы екен.

 

"Жасөспірім мектепке барады, үлгерімі орташа, мектептің әртүрлі шараларына белсенді қатысады. Ол көпбалалы отбасынан және үйдің үлкені. Оның әкесі - арнайы техниканың жүргізушісі. 18 қазан күні әлеуметтік желіге видео жарияланғаннан кейін, сол кеште сағат 22:00-ден бастап жасөспірімге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіліп, кеңес берілді. Ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді академия директоры Долорес Таскарина.

 

Бұған дейін Атырау облысындағы мектеп оқушысы өзін агрессивті ата-анасынан қорғауды сұрап, видео түсіріп, желіге жариялағаны хабарланды.

 

Оқиғаға дейін қыз ата-анасымен жанжалдаспаған. Ұру фактісі анықталған жоқ. Талқылаудан кейін , не болғанын түсініп, жасөспірім сыныптастарынан мектеп чатында кешірім сұрады және бұл бейнені таратпауды өтінді.

 

Бүгін полиция қызметкерінің, психологтардың және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен ата-анасымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Жасөспірімнің жағдайы қалыпты.

 

Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.

 

 

ktk.kz




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 21:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30