Оқиға

Аттракционындағы әйелдің өлімі: Депутаттар шенеуніктерді жазалауды талап етті

  • Аттракционындағы әйелдің өлімі: Депутаттар шенеуніктерді жазалауды талап етті

    Аттракционындағы әйелдің өлімі: Депутаттар шенеуніктерді жазалауды талап етті

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар барлық деңгейдегі аттракциондарға жүйелі тексеру керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қарағандыда екі баланың анасы "тарзанкадан" секіріп көз жұмды. Кеше бұқаралық ақпарат құралдарында аттракцион нұсқаушысы ұсталғаны хабарланды. Депутаттар демалыс әрі ойын-сауық саябақтарының, аттракциондардың техникалық жағдайына, балалар алаңдары қызметін бақылау мәселелері бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін бұған дейін бірнеше рет Үкіметке үндеу жасаған еді", - деді Артур Платонов Премьер-Министрдің орынбасары Романа Склярдың атына жолдаған сауалында.

 
Оның сөзінше, елде аттракциондардың маусым қарсаңында және жоспарлы тексерістерін өткізу тәртібі бақыланбайды. Тіпті, техникалық куәлік берілген жерде де олар тіркелмейді, ал аттракциондарды бақылайтын маман аттракцион иесінің немесе аттракционды пайдаланатын ұйымның бұйрығымен тағайындалады.

"Яғни іс жүзінде олар өз-өздерін тексереді", - деді мәжілісмен.

Платоновтың айтуынша, елде қанша аттракцион тіркелгені белгісіз.

"Аттракциондар есепке қойылуы тиіс. Алайда ел бойынша қанша нысан есепке қойылмаған? Регламентте тапсырылғандай, құрылған комиссиялар тарапынан қаншасы тексерілді? Аттракциондардың баршасына қажетті актілер жасалды ма? Құрылған нормативтік базаға қарамастан, елдегі жағдай өзгере қоймады. Осындай нысандарда балалар мен ересектер қайғылы жағдайға тап болып жатыр, яғни бұл тұрғыда жауапкершіліктің жоқ екенін көріп тұрмыз", - деді депутат.

Бұл тұрғыда депутаттар келесі ұсыныстарды айтты:

Барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мыңызды. Бұл ретте балалар мен ерексектердің қауіпсіздігіне, жабдықтың сапасына жекелей жауапкершілікті бекіту;
Осы салада бақылауға жауап беретін шенеуніктерді жазаға тарту;
Әр өңір бойынша аттракциондарды лицензиялау туралы мәліметтерді беріп, әкімдік айқындаған нақты лауазым иелерін көрсету.
Еске сала кетсек, қарағандылық әйел биіктіктен роупджампингпен (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) секіремін деп мерт болған болатын. 25 метр биіктіктен  секірген 33 жастағы әйел жерге құлап, ауыр жарақат алған. Жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмған.

Stan.kz




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 15:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31