Оқиға

Атырау облысында дәрігерлер кәріз құдығына батып кеткен баланың өмірін аман алып қалды

  • Атырау облысында дәрігерлер кәріз құдығына батып кеткен баланың өмірін аман алып қалды

    Атырау облысында дәрігерлер кәріз құдығына батып кеткен баланың өмірін аман алып қалды

Атырау облысында кәріз құдығына түсіп кеткен баланың өмірін жедел жәрдем қызметкерлері аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Мақат ауылында 4 наурыз күні орын алған. 3 жасар бала құдыққа түсіп кетіпті. Баланың әкесі оны өз бетімен шығарып алып, бүлдіршінге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге тырысқан.

"Әкесі баласын өзі шығарып алып, оған көмек көрсеткен. Бірақ бала есін жимапты. Жедел жәрдемге хабарлаған. Келіп жеткен дәрігерлер реанимациялық әрекеттер жасап, баланың тынысын қалпына келтірген", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігерінің орынбасары Наргиз Баймолдаева.

Бала жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Дәрігерлер бес сағат бойы оның асқазаны мен басқа да мүшелерін тазалаған. Қазір ұл баланың жағдайы жақсарып келеді.




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.03.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30