Оқиға

Атырау облысында көліктер өртеніп жатыр – министр себебін айтты

  • © Sputnik / Стрингер.

    © Sputnik / Стрингер.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Атырау облысында көліктердің неден өртеніп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Негізі, бүгінде Атырау облысынан басқа жерлерде автокөлік құралдарының тұтану жағдайлары төмендеп келеді. Ал бұл облыста 19 проценттік өсім тіркеліп отыр. Бәлкім, мұндай жағдай газбен жүретін көліктерді кеңінен пайдалануға да байланысты шығар", &ndash деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Осы орайда министр газбен жүретін көліктерді жабық автотұрақтарға қоюға болмайтынын да еске салды.

 

Себебі, кей кезде автомобильге орнатылған құрал-жабдықтар техникалық талаптарға сай болмай жатады. Ондайда газдың шығып кету қаупі бар. Ал көгілдір отын тұтанса, көлік қана емес, тұрғын үй немесе әкімшілік ғимарат та бұзылуы мүмкін.

 

"Сондай-ақ, өңірде көліктердің жиі тұтануына қозғалтқышты дұрыс жылытпау немесе ашық отты пайдалану сияқты әрекеттер де себеп болуы мүмкін", &ndash деп атап көрсетті Ильин.




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30