Оқиға

Балалардың улануына табиғи газдың қатысы жоқ

  • Балалардың улануына табиғи газдың қатысы жоқ

    Балалардың улануына табиғи газдың қатысы жоқ

 Бұған дейін хабарланғанындай, 18 наурыз күні белгісіз заттың әсерінен Шымкент қаласындағы №54 мектептің 41 оқушысы мен 4 ересек адам уланып қалды. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин улануға мектептен 600 метр қашықтықта орналасқан газ тарату стансасынан шыққан табиғи газ себеп болды деп мәлімдеді.


Осыған орай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ табиғи газ арқылы мұндай төтенше жағдайдың болуы мүмкін еместігін ресми мәлімдейді. Біріншіден, ҚР ұлттық экономика министрлігі бекіткен «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сай, табиғи газдың (метан) қауіптілігі IV санатқа жатады және ол уландырушы газ болып саналмайды. Ашық ауада бір жерде жинақталып тұрмайтындықтан, елдімекендер ауасын ластайтын тізімге де енбеген. Табиғи газды тұншықтырғыш газбен шатастырмау керек! Екіншіден, газ тарату жәшігінен мектепке дейінгі 600 метр аралыққа ауадан да жеңіл газдың жетуі мүмкін емес, ол бірден ауаға тарап кетеді. Сондықтан, 600 метр жерден ұшып жеткен газ қандай да бір бөлмеге (мектептің ішіне) жиналды деген тіпті қисынға келмейді.


Осы ретте, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметі оқиға орнына дәлдігі өте жоғары газ мөлшерін есептейтін «Пергам» зертханасын аттандырды. Жүргізілген тексерулер мектеп жанында, мектеп аумағында, тіпті станса маңында да газдың таралғанын анықтаған жоқ.




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 15:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31