Оқиға

БҚО-да жастардың төбелесі видео арқылы тарады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Батыс Қазақстан облысында жастардың төбелесі видео арқылы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбадан көрінгеніндей, алдымен олардың екеуі алысып, жұдырықтасады. Кейін оған қарап тұрған жігіт қосылып, артынан бүйірінен ұрғанда, біреуі құлап қалады. Оны төбелескен жігіттің бірі тепкілей бастаған мезетте видео үзіледі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бейнежазбаны зерттеп, төбелеске қатысқандарды анықтады. Олардың екеуі 1993 жылғы, біреуі 1995 жылғы, бәрі де Ақсай қаласының тұрғындары болып шықты.

Ақсайдағы жарақат пунктіне 26 жастағы жігіт жүгініп, дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілген. Оған дене жарақатын келтірген 1993 жылғы жігітке ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабына сәйкес (ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылды.

«Бейнежазба зерттелгеннен кейін төбелеске қатысушылардың барлығы аталған бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөрлі ауданы әкімдігі төбелеске қатысқандардың біреуі бұрын әкімдікте қызмет атқарғанын жеткізді.




Көрілген: 2054    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 23:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30