Оқиға

Блок-бекетте жарақат алған екінші полиция қызметкері де көз жұмды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Таңертең сағат 05.30 шамасында Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіканов есін жимастан ауруханада қайтыс болды, – деп хабарлайды polisia.kz.

 

Еске салсақ, осы апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды.

 

№4 бақылау-өткізу пунктінің бетон қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соғысқан жүргізуші мас күйінде болған.

 

Жеке іс материалдарынан:

 

Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы, 1978 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етті. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отырған (оқиға орнында қайтыс болды).

 

Полиция сержанты Әбдіканов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы туған, Алматы қаласының тумасы. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір қыз тәрбиелеп отырған (1 айлық) (ауруханада қайтыс болды).

 

Алматы полиция Департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызмет бабын орындау кезінде қайтыс болған әріптестерінің туыстарымен қайғырып, олардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады.

 




Көрілген: 1207    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.05.2020, 09:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31