Оқиға

Блок-бекеттегі екі полицейдің өліміне кінәлі ВМW жүргізушісі бұрын органда істеген

  • © zakon.kz

    © zakon.kz

Алматыдағы блок-бекетте ойран салған мас жүргізуші бұған дейін құқық қорғау саласында қызмет еткен, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Күні кеше Алматыдағы блок-бекетте екі полиция қызметкерінің қаза табуына себепкер мас жүргізуші А. бұрын органда жұмыс істеген, бірақ өз міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін жұмыстан шығарылған.

 

"Блок-бекетте болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ қайғылы оқиғаға себепкер болған жүргізушінің бұрын погон таққан адам болуы одан сайын жанымызды ауыртып отыр. Алты жыл полицияда жұмыс істеген ол қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға тартылған. Ақыры оның ішкі істер органдарынан кетуіне осынысы себеп болды. Бірақ, өкінішке қарай, одан кейін де ол бұдан сабақ алып, ешқандай қорытынды жасамаған. Заңды белден басып, ақыры ауыр зардапқа әкеліп соғатын біле тұра, мас күйінде рульге отырып, қылмыс жасады", - деді Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденов.

 

Алматы полициясының бастығы азамат А.-ға қатысты екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, яғни "Адам өлтіру" (15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

 

Қазір ол қамауда. 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31