Бір жасар бүлдіршін шелектегі суға тұншығып көз жұмды

02 тамыз 2021, 21:38

Павлодар облысында 1 жастағы бала шелектегі суға тұншығып, көз жұмды.

 

Оқыс оқиға Ақсу ауылдық аймағына қарасты Пограничник ауылында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған сәби абайсызда шелектегі суға құлап, тұншығып қалған. Алайда, оны құтқару мүмкін болмады. 

 

Сондай-ақ, дәл осы күні елдімекеннің   22 жастағы тұрғыны суға шомылу кезінде өзенге батып кетті.

 

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 

– Суға тұншығып қайтыс болған балаға сот алды медициналық сараптама жасалды. Ал суға батқан 22 жастағы жігіттің денесі судан шығарылды.

 

 

 

astanatv.kz