Оқиға

Дәрігерлер үш айлық нәрестенің ішінен түйрегіш алып шықты

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына тыныс алу жолында бөгде зат бар деген күдікпен үш айлық қыз баласы жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.

 

Нәрестені шұғыл түрде тексерген дәрігерлер рентгенограмма жасаған. Тексеру қорытындысында трахеяның жоғарғы үштен бір бөлігінде түйрегіш анықталды.

 

Баланың ішіндегі қауіпті затты алып шығу үшін ауруханадағы білікті хирургтар А.Тулкибаев, Н.Қоянбаев және анестизиолог дәрігері Б.Тотиков шұғыл түрде операция жасаған.

 

«Ота кезінде фибробронхоскоп аркылы кіріп, іштегі түйрегішті алып шықтық. Операция тіліксіз өтті. Баланың жалпы жағдайы жақсы, емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем алуда» – дейді ота жасаған дәрігер А.Түлкібаев.

 

Мамандардың айтуынша, орталыққа бөгде зат жұтып қойған балалар жиі келіп түседі. Бөгде заттар ауыз қуысы мен жұтқыншақ арқылы өтіп, трахея мен бронхқа енеді. Ірі бөтен денелер өңеш арқылы өте алмайды. Бөгде денелердің өлшемдері әдетте ұсақ (моншақтар, бұршақ, тырнақтар, түймелер, инелер, түйреуіштер, сүйектер, ұсақ тиындар). Үлкен бөтен денелер немесе өткір формасы бар заттардың трахеяның қабырғаларына немесе негізгі бронхтың қабырғаларына, ал сол жаққа қарағанда оң жақта жиі тұрып қалу қаупі өте жоғары. Балалардың бронхтары мен трахеяларына әртүрлі заттар енуі мүмкін: тұқымдар, түймелер, түйреуіштер, қағаз қыстырғыштар, тырнақтар мен түймелер, ойыншық бөлшектері және тағы басқалар.

 

Мұндай жағдайлар көбінесе ата-ананың қарауынсыз қалған балаларда жиі кездеседі, дейді дәрігерлер.

 

 

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 706    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 17:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31