Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемей кеткен жүргізушіні полиция қуып ұстады

08 тамыз 2022, 18:06

Бүгін елордада көлігімен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12:35-те 102 нөміріне қоңырау түсіп, екі азаматтың дүкеннен алған тауарға ақша төлемей кеткені хабарланған.

 

«Бірнеше минуттан кейін дәл осындай хабарлама тағы бір дүкеннен түсті. Белгісіз екі адам дүкеннен 2 банкі сыра алып, ақшасын төлемей, «Тойота Камри» көлігіне отырып, кетіп қалған», - делінген таратылған ақпаратта.

 

 

Полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығы бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктілерді Қорғалжын тасжолы бойынан байқаған.

 

«Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі полицияның заңды талабына бағынбай жол ережесін өрескел бұзған. Жолдың қарсы бетіне шығып, бағдаршамның қызыл түсіне де тоқтамай қашқан. Сол арқылы жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

 

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны 30 жастағы жігіт жүргізген көлікті Шұбар ықшамауданында ұстады. Салонда жүргізушімен бірге 33 жастағы жолаушы болған. Куәландыру нәтижесінде жүргізушінің орташа деңгейде мас болып көлік айдағаны анықталды. Көлік коммуналдық автотұраққа қойылды», - деп атап өтеді департаменттен.