Оқиға

Елордадағы өрттен көз жұмған 5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Осы жылдың 4 ақпанында тіркелген 5 баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Аталған іспен полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысқан болатын. Барлық сараптама жұмыстары мен тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін аталған іс өндірісін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қылмыстық іс тоқтатылды. Құзырлы орган - Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасына аталған шешімнің заңдылығын тексеру үшін іс құжаттары жолданды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті төрағасының орынбасары Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.


Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шыққан болатын.


Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы туған 5 қыз баланың денесі табылды. Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді.


Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.


 




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 17:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31