Оқиға

Елордадан Шымкентке бара жатқан автобустағы 37 жолаушы жолда қалып қойды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін қызылордалық құтқарушылар «Қызылорда-Жезқазған» жолының бойында күн суықта бұзылып қалған автобустың 37 жолаушысына қол ұшын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне сағат 15.22-де хабар келіп түсті. Онда «Қызылорда-Жезқазған» жолының 135 шақырымында «Setra» жолаушылар автобусы бұзылып қалғаны айтылған.

 

Оқиға орнына төтенше жағдайлар саласы мамандары жедел жетті.

 

Автобуста барлығы 37 жолаушы бар екені анықталды. Жолаушылар көлігінің Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке бет алғаны белгілі болды.

 

 

«Барлық жолаушы құтқарылды. Бұзылып қалған автобус «КаМАЗ» көлігімен Қызылорда қаласына дейін жеткізілді. Жолаушылар одан әрі Шымкенттен келген өзге автобуспен межелі жеріне жететін болды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

 

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын да Нұр-Сұлтаннан шыққан жолаушылар автобусы Қызылорда трассасында тұрып қалған болатын.

 

 

 

 

 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 23:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31