Елордаға Шарм-әл-Шейхтен ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сәдуақас Байғабылов елордаға Шарм-әл-Шейхтен ұшып келген жолаушылардың ішінде бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталған мәлім етті.
 
Бұл &ndash қазан айынан бері елімізге сырттан вирус жұқтырып келген 9-шы адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
«Бүгін түнде Нұр-Сұлтан қаласына Шарм-әл-Шейхтен ұшақпен 241 жолаушы келді. Олардың ішінде 219 адамда ПТР-тест анықтамасы болды. Оның ішіндегі Қазақстанның 22 азаматында ПТР-тест анықтамасы болмады. Олардың бәрі де 7 күндік карантинге жатқызылды», - дейді Сәдуақас Байғабылов.
 
Оның хабарлауынша, карантинге жатқызылған адамдардың ішінде бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған.