Оқиға

Ер адам безеуін сығамын деп, жансақтау бөлімінен бірақ шықты

  • Ер адам безеуін сығамын деп, жансақтау бөлімінен бірақ шықты

    Ер адам безеуін сығамын деп, жансақтау бөлімінен бірақ шықты

Қытайдың Цзянсу провинциясының тұрғыны иегіндегі безеуді сығып, бір ай бойы жансақтау бөлімінде жатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Чен есімді ер адам ауруханаға желтоқсанның басында түскен. Ол  ернінің астындағы безеуді өздігінен қысып алғаннан кейін қатты ауырып қалғанын айтты. Оның температурасы көтеріліп, тыныс алуы бұзылған, аузы ісінген және қызарған. Шошып кеткен әйелі оны дәрігерге апарды.

 
Тексеруден кейін дәрігерлер Ченде екі жақты пневмония дамығанын анықтады. Ер адам жансақтау бөліміне жіберілді. Науқас жағдайы тұрақталғанға дейін бір ай қарқынды терапия бөлімінде болды. Ол әлі қарапайым палатаға ауыстырылған жоқ.

Доктор Чжу науқас безеуді шығарғаннан кейін оның ауызына инфекциясы түскенін түсіндірді. Ол тыныс алу жолымен түсіп, өкпенің қабынуына және өкпенің коллапсына әкелді.

Дәрігер безеуді ешқашан өз бетімен ұстамауға шақырды, әсіресе "өлім үшбұрышы" деп аталатын аймаққа қол тигізбеген жөн.  Чжу егер бұл аймақтағы безеудің айналасындағы терінің қызаруы, ісінуі немесе ауырсынуы байқалса, дене қызуы көтерілсе, дереу дәрігермен кеңесу керек екенін атап өтті. 

Stan.kz




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

сенбі, 16.01.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31