Оқиға

Хат қалдырған: Қыз бен жігіттің мәйіті табылды

  • CC0 / pixabay.com

    CC0 / pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында орманнан қыз бен жігіттің денесі табылды, суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Көкшетау қаласындағы колледжде оқитын 16 жастағы студент қыз үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған, оған 7 қарашада іздеу жарияланды. Келесі күні полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстандағы Ленинское ауылы маңындағы орманнан ішінде екі ұялы телефон жатқан көлікті тапты, оның бірі жоғалған қызға тиесілі болған.


Орманды қарау кезінде қыз бен жігіттің денесі табылды – 23 жастағы жігіт Солтүстік Қазақстан облысындағы Талшық ауылының тұрғыны болып шықты.


"Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан туыстарына жазған өлер алдындағы хаттары, сонымен қатар жігітке тиесілі ВАЗ-2109 көлігі алынды", - деп хабарлады облыстық полиция.


Ведомство суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті.


sputnik


 




Көрілген: 1020    Пікірлер: 0

сенбі, 09.11.2019, 13:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31