Оқиға

"Жақында үйлену тойы еді": Ақтөбеде анасы мен ұлы өз-өзіне қол салды

  • https://xn--80apydf.xn--p1ai/news

    https://xn--80apydf.xn--p1ai/news

Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мен оның ұлы бір түнде өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Диапазонға сілтеме жасап.

 

Оқыс оқиға Шұбарши ауылында 12 қыркүйек күні түнгі 11-лер шамасында орын алды.

 

Басылым мәліметінше, отбасы мүшелерінің арасында жанжал болып, 63 жастағы әйел газ құбырына асылып қалыпты. Ұлы анасын жіптен шешіп алуға әрекеттенгенімен, жергілікті тұрғын көз жұмған. Бұл қазаны ауыр қабылдаған азамат сол сәтте өзіне пышақ жарақатын салған. 28 жастағы азаматты құтқарып қалу мүмкін болмаған.

 

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай тіркелген уақытта анасы мен ұлы үйде жалғыз болмаған: олармен бірге әйелдің күйеуі мен ұлдың әкесі және басқа да туыстары бар еді.

 

Жас жігіт туыстары жедел жәрдем шақырып жатқанда өз-өзіне қол салған.

 

Тура бір аптадан кейін, 19 қыркүйек күні ол үйлену керек болған. Азамат жақында болашақ қалыңдығын алып келіп, туыстарымен таныстырып, шаңырақ көтеру туралы шешім қабылдап қойған.

 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
 




Көрілген: 1130    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31