Оқиға

Жамбыл облысындағы жарылыс: Бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті

  • https://khabar.kz/

    https://khabar.kz/

Еліміздің қорғаныс министрі онлайн-брифинг барысында Жамбыл обысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарын жою кезінде бірнеше адамның жоғалып кеткенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

"Әзірге біз үш әскери қызметкер мен Төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше адамымен байланыс орната алай отырмыз. Біз олар аман-есен деп үміттенеміз. Іздеу жұмыстары жүргізілуде", - дейді Нұрлан Ермекбаев.

 

Ал Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин байланысқа шықпаған қызметкерлері іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Еске сала кетсек, бұған дейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қоймадағы жарылыстан төрт адамның қайтыс болғанын хабарлады.

 

"Біріншіден, өрт сөндіру кезінде қайтыс болған төрт әскери қызметкердің жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деді министр.

 

Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілуде.

 

Сондай-ақ, жарылыстан зардап шеккендер саны 88-ге жетті.

 

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

 

Жарақат алғандарға Тараз қалалық ауруханасы мен Байзақ ауданының орталық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілгені белгілі болды.

 

Сонымен қатар, медициналық көмек көрсетудің арқасында жеңіл жарақат алған 60-қа жуық адам үйіне қайтарылған.

 

 

 

 




Көрілген: 2980    Пікірлер: 0

жұма, 27.08.2021, 10:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31