Оқиға

Жамбыл облысындағы жарылыста күйіп қалған екі әйелдің жағдайы ауыр

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Жамбыл облысында жарылыстан зардап шеккен екі әйелдің жағдайы әлі ауыр. Екеуі де Байзақ аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір аса ауыр хәлдегі науқастарды қаладағы емдеу мекемесіне ауыстыру қарастырылып жатыр.  

 

Ерік Мұсабаев, Байзақ аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

 

- Санавияциямен шақырдық, ертең дәрігер қарап, қалаға жеткізуге шыдай ма, шыдамай ма, соны шешеді. Рұқсат берсе, біз тасымалдап береміз.

 

Оқыс жағдай сенбі күні болған.

 

Байзақ ауданындағы құрама жем шығаратын зауыт жұмысшыларына ас әзірленетін нысанда газ баллоны жарылған.

 

Тамақ дайындау кезінде болған жарылыстан ғимараттың қабырғалары қирап, 60 және 54 жастағы екі аспаз зардап шеккен. Олардың бірінің денесі 80, екіншісінікі 95 пайызға дейін күйіп қалған.

 

 Әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың тіл қатуға мұршасы жоқ.

 

Ал дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін жанталасуда. 

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 20:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31