Оқиға

Жамбылда көз жұмған науқас Павлодар облысының тұрғыны

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Жамбыл облысының әкімдігі коронавирустан көз жұмған науқас туралы хабарлады.

 

1959 жылы туған ер адам Павлодар облысының тұрғыны. Алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген ол 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғыз Республикаларында болған. Алгоритмге сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан COVID-2019-ға алынған зертханалық талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. 19 сәуірде науқас дене қызуының жоғарлауына, қалтырау, әлсіздік пен құрғақ жөтелге қатысты шағымдарымен ауруханаға жатқызылған. Диагностика барысында, тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмонияның асқынуымен коронавирустық инфекция расталған. Емдеу шаралары және науқасты бақылау Нұр-Сұлтан қаласындағы КВИ бойынша ахуалдық орталықтың мамандарымен онлайн режимде келісіліп отырды - делінген хабарламада.

 

23 сәуірден бастап науқастың жағдайы қосымша ауруларға байланысты нашарлай түскен. Қосымша аурулары: жүрек зақымдалуымен гипертониялық ауру, созылмалы бронхит және 2 дәрежелі семіздік.

 

Қарқынды емдеу шараларына қарамастан, көптеген мүшелер қызметінің жеткіліксіздігі белгілері жоғарылады.

 

4 мамыр, сағат 01.20-да реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз болып, жүрек өз қызметін тоқтатқан.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 234    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 01:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31