Оқиға

Жаңөзенде мейрамханада түнеген екі даяшы мерт болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жаңаөзен қаласында 2 жасөспірім газдан уланып, мерт болды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.


2005, 2006, 2003 жылы туған үш жасөспірім Жаңаөзен қаласындағы мейрамханалардың бірінде түнде даяшы болып қызмет етіп, артынан сонда қонуға қалып қойған. Таңертең мейрамхана қызметкерлері екі жасөспірімнің денесін тапқан. Тағы бір бала Жаңаөзен қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Қазір ол есін жиып, жағдайы тұрақтанды. Оған газдан улану диагнозы қойылған.


Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірім ертең жалпы палатаға ауыстырылады.


Облыстық Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.


«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 156-бабының 4 бөлігіне сәйкес Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,-делінген хабарламада.


 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 21:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31