Оқиға

Желіде ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін созылғаны туралы хабар тарады

  • Коллаж: NUR.KZ.

    Коллаж: NUR.KZ.

Қазақстандықтар мессенджердерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін созылғаны туралы жалған бейнеролик таратуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Желі қолданушылары бір-бірлеріне "Хабар 24" телеарнасының жаңалықтар бағдарламасынан алынған үзіндіні таратуда. Белгілі болғандай, аталған сюжетте расымен де ТЖ режимінің созылғаны туралы баяндалған.

 

Алайда, мәселе Қазақстан туралы емес, Франция жайында болыпты.

 

Аталған үзіндінің әдейі кесіліп алынғаны хабарланды. Қазақстандықтар еуропалық мемлекетте қабыданған шараның елімізге қатысы бар деп ойлаған.

 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында көрінеу жалған ақпарат таратқан үшін жауапкершілік қарастырылған.

 

Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Францияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 169 мыңға жуық оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш бойынша француздар бесінші орында тұр. Ал қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 25 мыңға жуықтаған. Сондай-ақ 50 мыңнан астам Франция азаматы аурудан емделіп шықты.

 




Көрілген: 1288    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 10:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31