Оқиға

Жезқазғандағы жол апаты: 1 адам көз жұмып, 14 адам ауруханаға жеткізілді

  • Жезқазғандағы жол апаты: 1 адам көз жұмып, 14 адам ауруханаға жеткізілді

    Жезқазғандағы жол апаты: 1 адам көз жұмып, 14 адам ауруханаға жеткізілді

Жезқазған қаласының маңында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы.

«Белгілі болғандай, апатқа жолдың қарсы бөлігіне шығып кеткен жеңіл автокөлік себепші болған. Ішінде жолаушылары бар автобусқа бар екпінімен келіп соғылған автокөлік артынша отқа оранған», - делінген ақпаратта.
Арна тілшісінің хабарлауынша, алған жарақаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында бірден жантәсілім еткен.

Автобус салонында 15 жолаушы болған. Олардың 14-і ауруханаға жеткізілді, ал ауыр жарақат алған бір жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

сенбі, 03.10.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30