Оқиға

«Жол ортасында бір әйел тұрды»: Журналист 2 мектеп директоры көз жұмған жолда өз басынан өткен оқиғаны айтып берді

  • Facebook/Нұрболат Туысбайұлы

    Facebook/Нұрболат Туысбайұлы

Журналист Нұрболат Туысбайұлы Ақтөбе облысындағы екі мектеп директоры апатқа ұшыраған тас жолда бұрын өз басынан өткен оқиғаны айтып берді. Біраз күн бұрын дәл сол бағытқа бет алған ол Қобдаға жақындағанда тас жолдың қақ ортасында тұрған бір әйелді көргенін айтады.

 

Журналист Facebook-тегі парақшасында Ақтөбе облысының Ойыл ауданында болған жол апатына қатысты ақпаратты оқып, оқиға болған тас жолда өзінің басынан өткен оқиғаны баяндады. Нұрболат Туысбайұлы жолдың ортасына шығып алатын әйелді сол маңдағы ауылдардың бірінің тұрғыны болуы мүмкін деп топшылайды. Ол құзырлы орган өкілдерінен көлік қозғалысына кедергі келтіретін әйелдің туыстарын тауып, «қауіпті жолаушыны» жолдан аластатуды сұрады.

 

«Өткен аптада жолдасымның анасы да Ақтөбе қаласында болған жол апатынан қайтыс болып, жерлеу рәсіміне қатысқанымызда дәл сол жолмен жүрген едік. Кейін жетісін беріп, балдыздарыммен бірге бейіт басына барып келдік.

Сапарымыздан қайтып келе жатқанда күндіз болатын. Алдымызда келе жатқан сапарлас адамнан қоңырау түсті. Телефоннан: “жол үстінде бір әйел жүр, абайлап өтерсіңдер” деген хабар алдық. Расымен де, көп ұзамай, Қобдаға жақындағанда трассаның қақ ортасында бір әйел тұр. Екі қолын екі жаққа жартылай көтеріп алған. Бісмілләмізді айтып, жанынан ақырын жүріп өтіп кеттік. Ауыратын кісі сияқты… Бүгінгі ауыр хабарды оқығаннан кейін осы ой маза бермей қойды. Меніңше, ол әйел сол маңдағы бір шағын ауылдың тұрғыны болуы керек», – деп жазды журналист.

 

Нұрболат Туысбайұлы сол әйел жолға жиі шығатын болса, көп адамға қауіп төндіретінін ескертті.

 

Сондай-ақ!

 

«Кез келген адам үлкен жылдамдықпен келіп жатып, оқыстан айдалада жүрген адамды көріп шошып кетуі мүмкін, тізгіннен айырылу деген сол. Мұны жазған себебім, егер сол кісіні, туған-туыстарын табу мүмкін болса, оны жол бойына шығармаудың амалын жасау керек дегенім ғой», – дейді ол.

 

Нұрболат Туысбайұлы жол ортасына шығып алатын әйелді немесе оның туыстарын тауып, оны жолға шығармау мақсатында өз оқиғасын желіде жазғанын айтты.

 

Бұған дейін Ақтөбеде мектеп директорлары жол апатына түсіп, екеуі де көз жұмғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 7187    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 22:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31