Оқиға

«Жындылардың қозатын кезі ғой»: жұрт елордада жартылай жалаңаш жүгірген адамды Мұхтар Әблязовқа ұқсатты

  • «Жындылардың қозатын кезі ғой»: жұрт елордада жартылай жалаңаш жүгірген адамды Мұхтар Әблязовқа ұқсатты

    «Жындылардың қозатын кезі ғой»: жұрт елордада жартылай жалаңаш жүгірген адамды Мұхтар Әблязовқа ұқсатты

"О, құдайым, коронавирус деген әнді әлі де тыңдайтын адамдарды түсінбеймін", - деп пікір қалдырды.

Бұтында іш киімі ғана бар ер адам елордада "Коронавирус кет!" деген жазуы бар мата ілінген дронды құлап қалған жерінен көтеріп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram әлеуметтік желісіндегі "@astanovka98" деген парақшада жартылай жалаңаш адамның жағалауда жүгіріп бара жатқан сәті түсірілген видео жүктелді. Видеодан әлгі адамның суық ауа-райына қарамастан құлап қалған дронды жерден көтеріп алуға асығып бара жатқанын көруге болады. Байқаңыздар, дрон мен оған байланған ақ матаны қолына ұстаған азамат өте көңілді. Әлгі ақ матада "Коронавирус кет!" деп жазылған.

Видео авторы "Дронды құлатып алдық, оның соңынан құтқарушы жүгіріп барады" деп әзілдеген. Бұл видеоны 38 мыңнан астам желі қолданушысы қарап үлгерген.

Жартылай жалаңаш адамның жағалауда жүгіріп бара жатқанын желіден көргендер болса, "Осындай адамдар көп болса екен, студияға медаль әкеліңдер", "Көктем. Жындылардың қозатын кезі ғой", "жергілікті морж", "құдай денсаулық берсін!", "не істеп жүрсің?", "О, құдайым, коронавирус деген әнді әлі де тыңдайтын адамдарды түсінбеймін", - деп пікір қалдырды.

Ал желі белсенділерінің кейбіреулері жартылай жалаңаш азаматты Мұхтар Әблязов деп ойлап қалған. Мәселен олар, "Мен жүгіріп бара жатқан Әблязов деп ойлап қалдым", "Мұхтар туды көтерді", "Әблязов па?", - деп жазды.




Көрілген: 2054    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30