КамАЗдан құлаған бөренелер жолды жауып қалды
Бұл оқиға кеше кешкісін Семейдің Қарағайлы ауданында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
 
Иә, тура кинодағыдай. Жүк көлігінен құлаған қалың бөрене жолды жауып қалды. Полицияның мәлімдеуінше, бұдан бірде-бір автокөлікке зиян келмеген. Зардап шеккен де ешкім жоқ.
 
&ndash Тәртіп сақшылары жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр, &ndash деп мәлімдеді ШҚО ПД.