Оқиға

Қарағанды облысында көпқабатты үйден өрт шығып, 1 адам көз жұмды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қарағанды облысының Жаңаарқа кентінде көпқабатты үйдің бірінші қабатында үш бөлмелі пәтер өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттағы пәтерлердің бірінде ес-түссіз жатқан екі әйелді тауып алды. Олардың бірі қайтыс болды, екіншісі ауыр халде.

 

«25 маусым күні сағат 19:22-де Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде болған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте үш қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы ауданы 60 шаршы метр үш бөлмелі пәтерді от шарпығаны анықталды.

 

 

Жанып жатқан пәтерден баспалдақ маршы бойынша 4 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Сондай-ақ, жоғарғы қабаттардың пәтерлерін тексеру кезінде 3-қабаттағы пәтерлердің бірінен көмірқышқыл газымен улану белгілері бар ес-түссіз жатқан екі әйел табылды. Зардап шеккендердің бірі, 1969 жылы туған әйел ауруханада қайтыс болды, 1961 жылы туған екінші әйелдің жағдайы ауыр. Зардап шеккен үй тұрғыны көру қабілеті нашар мүгедек, ал қайтыс болған келіншек оның көмекшісі болған», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

 

Өрт сағат 20:11-де сөндірілді. Оның шығу себебі анықталуда.

 

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істейді.

 

 

 

 




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 12:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30