Оқиға

Қарағанды облысында шахтада қалып қойған 300-ден астам кенші жер бетіне шығарылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шахан кентіндегі қосалқы станциялардың бірінде жарықтың өшірілуі салдарынан елді мекендегі бірнеше тұрғын үйлер мен кәсіпорындар электр қуатынсыз қалды. Оның ішінде «Тентек» шахтасы да бірнеше сағатқа жарықсыз қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


30 сәуірде қатты желдің салдарынан Шахан кентіндегі «Қарағанды Жарық» ЖШС қосалқы станциясының шатыры құлады. Шатырдың бір бөлігі қосалқы станциялардың жабдықтарына құлауына байланысты апатты жағдай туындап, жарық өшірілді. Нәтижесінде Шахан кентінің, «СаранКомунСервис» кәсіпорны (Саран қ. сумен қамтамасыз ету), «Тентек» шахтасы мен кенттің тұрғындары жарықсыз қалды.


Апаттық жағдай кезінде «Тентек» шахтасында 331 адам жер астында қалып қойды, алайда шахтаның желдеткіші жұмысын тоқтатпаған. Шахта басшылығы қабылдаған шаралардың көмегімен адамдарды басты көлбеу оқпан (шамамен 1,5 км) арқылы шығару жұмыстары ұйымдастырылды.


Қазіргі уақытта барлық кеншілер жер бетіне шықты. Шахан кентінде, «СаранКомунСервис» (Саран қ. сумен жабдықтау) кәсіпорнын электр қуатымен жабдықтау қалпына келтірілді.


Қосалқы станциядағы электрқуаты толығымен сағат 22.00-ге дейін қалпына келтіріледі деп күтілуде.


 




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 22:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31