Оқиға

Қарағандыда әкесін құтқармақ болған жігіт мерт болды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қарағандылық 59 жастағы ер адам кәріз құдығына құлап кеткен. Оның артынша ұлы мен көршісі құдыққа түскен. Соның салдарынан ер адамдардың бірі қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқиға 16 шілдеде болған.


Облыстық ТЖД кезекші бөліміне 03:58-де 59 жастағы ер адамның кәріз құбырын тазаламақшы болып, құдыққа құлап кеткенін айтқан.


Төтенше жағдай Бурабай көшесінің бойында жеке үйдің маңындағы кәріз суы жиналатын және сол жерден сорып алатын тереңдігі алты метрлік құдықта болған.


Зардап шеккен ер адамның артынша 1990 жылғы баласы мен көршісі түскен. Ер адамдар зардап шеккен адамды шығармақшы болған.


"Таңғы 4:53-те және 5:02-де үй иесі мен көршісі құдықтан шығарылды және дереу ауруханаға жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр. Таңғы 6:30-да ТЖД және "Қарағанды Су" күштерімен 1990 жылғы ер адамның денесін алып шықты", - деді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.


"1960 және 1989 жылғы екі ер адам жағымсыз иіске (күкіртті сутек және аммиак) уланған және қазіргі уақытта облыстық Мақажанов атындағы орталықтың жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр. Үшінші зардап шеккен ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапқан", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.


 




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 11:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31