Оқиға

Қарт әжейді кім соққыға жыққаны белгілі болды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматы облысының тәртіп сақшылары Жетіген ауылында тұратын 79 жастағы тұрғынның соққыға жығылу оқиғасына қатысты мән-жайды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Басында құқық қорғаушылар зейнеткердің өзімен сөйлескен. Ол үйінде жалғыз тұратынын, құлап қалып, барлық жарақатты өзі алғанын айтыптыы. Егде жастағы әйел адам сот-медициналық сараптамадан өтуден және полицияға арыз жазудан бас тартқан.

 

Алайда тәртіп сақшылары бұл эпизодты денсаулыққа орташа зиян келтіру бойынша тіркеп, тергеу бастады. Көп ұзамай полицейлер 70 жастағы тағы бір ауыл тұрғынының ізіне түсті. Ол тәртіп сақшыларына танысымен ұрысып қалғанын, содан соң оны күректің сабымен ұрғанын мойындады.

 

Полиция қызметкерлері күректің сабын тәркілеп, аталған нұсқаны тексеру үшін сараптамаға жіберді.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін желідегі Novosti.kz тобында бет-аузы көгерген егде жастағы кісінің суреті тараған болатын. Жазбада Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында 14 маусым түнде белгісіз ер азамат пен әйел қарияның үйіне терезесін сындырып кіргені айтылған.

 

Алматы облысының полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп өтті. Құзырлы органның мәліметінше, 79 жастағы әжей 14 маусымда көптеген жарақатпен Іле ауданының ауруханасына түскен.

 




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31