Оқиға

"Қайда болғанын білмейді": Павлодарда жоғалған жігіт табылды

  • CC0 / StockSnap

    CC0 / StockSnap

Павлодарда жоғалған 24 жастағы жігіт бір аптадан соң тірі табылды, деп хабарлады "Вита" еріктілер тобының мүшесі Екатерина Кудрявцева Sputnik Қазақстанға.


Волонтерлердің мәліметіне сүйенсек, 24 жастағы Владимир Чускаев 11 маусымда үйіне оралмаған соң, ата-анасы еріктілерден көмек сұраған. Жігітті соңғы рет трамвай депосының қасынан көріпті. Волонтерлер бірден іздеуге кіріседі.



Кудрявцеваның айтуынша, 30 адам жиналып, таң атқаннан кеш батқанға дейін Ертіс өзенінің алқабын аралаған. Алайда жігіт ұшты-күйлі жоқ.


"Қала шетіндегі Павлодарское ауылына барып іздеу керек болатынбыз, бірақ кеше ғана, яғни 18 маусымда Владимирдің анасы хабарласып, ұлының табылғанын айтты. Жігіт үйіне өзі қайтып келіпті", - дейді Екатерина.


Владимир осы уақыт бойы қайда болғанын білмейді – жоғалған жігіт сырқаттанып қалған, оның үстіне жартылай есін жоғалтыпты. Владимирдің беті күнге қатты күйіп, өзі әбден қажыған, медициналық көмекке зәру болды, деді Кудрявцева.


Тағы оқыңыз: Үйден қашып кеткен: Алматы облысында із-түзсіз жоғалған екі бала табылды


"Бірақ, ең бастысы – ол тірі! Ата-анасы мен оны іздеуге қатысқан бәріміз үшін бұл – үлкен қуаныш", - дейді ерікті.


Әлеуметтік желі қолданушылары жоғалған адамдарды іздеуге көмектесетін волонтерлерге ерен еңбегі үшін алғыс айтты.


 




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 10:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31