Оқиға

Қазақстандық қыз виза мерзімі өтуіне байланысты Бангкокте қамауға алынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мерзімі өтіп кеткен визасына байланысты қазақстандық қыз миграциялық түрмеге қамалды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Белгілі болғандай, 1995 жылғы қыз Таиланд аумағында мерзімі өткен визамен алты айдан астам уақыт бойы емін-еркін турист ретінде жүре берген.


Алдағы уақытта оған қатысты депортация шарасы іске асырылмақ. Оны Бангкоктегі әуежайда ұстаған.


«Консул онымен байланысқа шықты. Шешім шығарылғанға дейін ол миграциялық түрмеге жеткізілді. Аталмыш оқиға бойынша шешім алдағы аптада шығарылады. Алдын ала мәлімет бойынша ол депортацияланады. Әзірге, қылмыстық жауапкершілік туралы мәселе көтерілген жоқ», - деп нақтылады баспасөз қызметі.


 




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 17:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31