Оқиға

"Кешірім сұрамаңыз": 42 жылдан кейін анасы мен қызы жылап қауышты (видео)

  • © Қазақстан арнасы

    © Қазақстан арнасы

Алматылық Қуангүл Бахтиярова бүгінде тұрмысқа шығып, алты баланың анасы атанғанына қарамастан, көкейінде бір сұрақ мазалап келгенін айтады. Көрші қыздан өзінің асыранды бала екенін естігелі туған анасын іздеп келген екен. Ал асырап алған анасы мәңгілік сапарға аттанып бара жатса да, қызының туған отбасы туралы ақпарат беруден бас тартқан. Тіпті, оларды іздемеуін сұраған. Өзі туыстарымды тапқан жағдайда олардың неліктен мұнша уақыт іздеу салмай келгенін сұрайтынын айтады.


"2006 жылы анамның жүрегі ауырып, екі жыл уақыт төсек тартып жатты. Анамнан туған отбасым туралы айтуын сұрадым. Бірақ ол кісі жанымда бала-шағам бар екенін айтып, туғандарымды іздемеуімді сұрады. Әрине, асырап алған анама еш ренішім жоқ. Бірақ қазақ болған соң тегімді, қайдан шыққанымды білгім келеді", — дейді Қуангүл Бахтиярова Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.


Әйелдің құрбысы Гүлбану Әбсәметова, расымен де, Қуангүл Бахтиярованың туған анасын ұзақ уақыттан бері іздеп келе жатқанын айтады. Тіпті, анасы қайтыс болып кетсе, жапанда жалғыз қалып қоямын деп қорыққан екен.


"Өзінің асыранды екенін нақты қай кезде білгенін айта алмаймын. Бірақ мектеп қабырғасында оқып жүргенінде бұл туралы көрші қыздың айтқаны есімде. "Сені асырап алған екен ғой. Мұны білуші ме едің?" деп сұрапты. Осыдан кейін құрбым ұзақ ойланып, бұл туралы үйіндегілерден білгісі келді. Анасы қатал адам болатын. Ақыры мұны өтірікке балап, шындықты айтпай қойған екен", — дейді құрбысы.


Сондай-ақ, Қуангүл Бахтияроваға анасының құрбысы үш жасында туған әке-шешесінің қайтыс болып кеткенін айтқан. Қыз баланы асырап алу туралы ұсынысты да бір кездері осы құрбысы жасаған.


Бірақ, Қуангүл Бахтиярова мұнымен тоқтап қалмай, ата-анасын іздеу жұмысын жалғастыра береді. Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы жетімдер үйін аралайды. Ақырында өзі туралы ақпарат тауып, анасы тұрып жатқан ауылға барады. Ескертпей келгендіктен, анасының өзін қалай қабылдайтынын білмей қобалжиды. Анасы өз кезегінде есеңгіреп, "сабағым бар" деп балабақшаға қайта кіріп кетеді. Кейін қайта шығып қызы екеуі жылап көріседі. Қуангүл Бахтиярова көзіне жас алған анасын "Кешірім сұрамаңыз" деп жұбатты.



"Өмірге босқа келмеген шығармын. Аспаннан түскен жоқпын, онда туысымның болуы заңды. Құдай қалап, осы арманыма жетуден асқан бақыт жоқ. Туыстарыма бір ғана сұрақ қойғым келеді: "Неге мені іздемедіңдер?" деген", — дейді әйел.


Сондай-ақ, ол осы уақытқа дейін "Бармысың, бауырым" сынды бағдарламалар арқылы да анасына табуға тырысқанын айтты. Десе де, 42 жылдан кейін туған анасымен қауышып, бақыттан басы айналып жүргенін жасырмайды.


Sputnik


 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

жұма, 18.01.2019, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30