Оқиға

Қоқиқазды видеоға түсірген ақтаулық тұрғынға айыппұл салынуы мүмкін

  • Қоқиқазды видеоға түсірген ақтаулық тұрғынға айыппұл салынуы мүмкін

    Қоқиқазды видеоға түсірген ақтаулық тұрғынға айыппұл салынуы мүмкін

Қоқиқаздарды видеоға түсірген ақтаулыққа айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Маған әлі айыппұл салынбады, хаттама толтырайын деп жатыр. Заңды бұзған шығармын мүмкін, бірақ олар не үшін жауапқа тартқысы келетінін түсінбеймін.

Олар маған дүйсенбіде қоңырау шалып, неге сол жерде видео түсіргенімді сұрады. Кім рұқсат берді деп сұрады. Қандай рұқсат туралы айтып жатқанын түсінбедім. Олар менен неге қорық аймағында түсіріп жатырсыз деп сұрады. Бұл үшін жауапкершілікке тартыласыз деді.

Мен қорық аймағында видео түсіруге болмайтынын білмедім. Әрине, мен қоқиқаздарды мазалағанымды мойындаймын, қандай да бір құқықбұзушылық бар шығар. (...) Бірақ мен бұл баптың нені білдіретінін түсінбеймін. Дронмен тыйым салына ма?", - дейді Азамат Сәрсенбаев.

Ролик авторының айтуынша, хаттама Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 378-бабы ("Өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау қағидаларын, Зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз көшіру, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру") бойынша толтырылмақ.

Азамат Сәрсенбаев айыппұл салынса, төлейтінін айтады. Бірақ ол шешіммен дауласымен дейді.

Tengrinews.kz.




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 18:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31