Оқиға

Көкшетауда 16 жастағы студент қыз жоғалды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Ақмола облысының полицейлері 16 жастағы колледж студентін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 жастағы Расула Жанашеваның жоғалып кеткені туралы хабар 13 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына түскен.

Анасының айтуынша, 8 қарашада қаладағы колледжердің бірінде оқитын 1-ші курс студенті Зеренді ауылында тұратын әкесіне баратынын айтқан. Алайда қыз бала ол ауылға жетпеген. Осы уақытқа дейін қыз бала байланысқа шығып отырған.

"Соңғы рет әйел қызымен 12 қарашада сөйлескен, алайда 16:00-ден кейін кәмелетке толмаған қыздың телефоны сөндірілген. Қыздың құрбысының айтуынша, Расула өздігінен елордаға кетіп қалуы мүмкін. Алаңдаған ана полицияның көмегіне жүгінген. Қазіргі уақытта полицейлер жоғалған қыздың туыстары мен таныстарынан, достарынан, көршілерінен сұрау алып жатыр. Арнайы топтар Ақмола облысының көрші аудандары мен Нұр-Сұлтан қаласында іздеп жатыр", - делінген ПД хабарламасында.

Расула Жанашеваның бойы - 160-165 сантиметр, орташа денелі, шашы қара түсті. Тісінде брекет бар, оң алақанында татуировкасы бар. Үстінде ақ күртеше киген, қара түсті водолазка және қара түсті джинсы киген.

Полицейлер Расула Жанашеваны көрген не білген адамдар оны табуға септігін тигізетін кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды.
 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 15:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31