Оқиға

Қордай маңында автобус аударылып, 11 адам қаза тапты

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Жамбыл облысында жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы - Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан. Осы сәтте жолмен келе жатқан жолаушылар автобусы осы көліктермен соқтығысудан қашып, салдарынан жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған.


Жол апаты салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 32-сі медициналық мекемеге жеткізілген. Ауруханада тағы үш адам қайтыс болған.


Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Д.Құсайынов, облыстық полиция департаментінің басшысы, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы және қорғаныс істері басқармасының басшылары аттанды.


Апат-құтқару жұмыстарына 50 адам жұмылған. Сондай-ақ құтқару қызметінің 15 дана техникасы тартылған.



Облыс әкімдігі дереу жедел штаб құрып, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті психологтар кезекшілік ететін "Қауырт желі" ашты - +7(7262) 513575 және +7(7262)514167.


Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталған.






 




Көрілген: 1189    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31