Коронавирустық белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Кеше, яғни 18 қантарда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 118 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, - деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Оған қоса 149 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46984, 545 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34805 жетті.