Оқиға

Қостанай әуежайына қонған ұшақ апатқа ұшырай жаздады

  • © Sputnik / Виталий Белоусов

    © Sputnik / Виталий Белоусов

Қостанай әуежайындағы ұшу-қону жолағының асфальт-бетон жабыны "Эйр Астана" әуе компаниясы ұшағының салмағына шыдамай, жарылып кетті, деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.


Ведомство мәліметіне сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанайға ұшып келген А-320 ұшағы қона берген кезде шассиінің сол жақ тағаны ұшу-қону жолағының асфальт-бетон жабыны астына түсіп кеткен. Оқиға 17 сәуір күні сағат 10.40-та болыпты.


Белгілі болғандай, ұшақ қонар алдында ұшу-қону жолағы мен перронда тазарту жұмыстары жүргізіліпті.


"ҚР ақпарат және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитеті арнайы ұйымды жұмылдыра отырып, перронның төзімділігін тексеруге және ұшақтың неге асфальт астына түсіп кеткенін анықтауға шұғыл тапсырма берді", - делінген комитет хабарламасында.


Айта кетсек, қазір әуе айлағын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді, бірақ оқиға болған жерді әлі жөндеп үлгермепті.


Sputnik


 




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 09:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31