Оқиға

Қостанай облысында полиция автокөлігі өзге көлікке соқтығысып, 4 жасар сәби қайтыс болды

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Қостанай – Рудный тас жолында полицияның қызметтік көлігі ВАЗ-2115 автокөлігіне соқтығысты деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Салдарынан екінші көлікте болған 4 жасар сәби қайтыс болған.

 

Оқиға 25 шілде күні сағат 16:00 шамасында болған. Патрульдік автокөлік өзге жол апатына асығып бара жатқан екен.


«Оқиға орнына жеткен шұғыл-тергеу тобы қызметтік көліктің өзге жол апатына асығып бара жатқанын анықтады. Аталған жол көлік оқиғасы дәл сол трассаның 17-ші шақырымында болған. Ол оқиғада ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол шетіне шығып кеткен. Салдарынан жүргізуші мен 23 жастағы жолаушы көз жұмған», - деді Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қазіргі таңда 4 жасар баланың өлімімен аяқталған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

 

azattyq-ruhy.kz

 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 23:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30