Оқиға

Қостанай тұрғыны қызын ренжіткен мұғалімнің жағын сындырды

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

22 қаңтар күні Қостанай қаласындағы А. М. Горький атындағы гимназияда ата-ана дене шынықтыру сабағының ұстазын соққыға жықты. Гимназия директоры Ирина Шушпанованың айтуынша, осы күні оқушы қыздардың бірінің әкесі мектепке келіп, сынып жетекшімен сөйлескен, деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".


"Дене шынықтыру пәні ұстазының айтуы бойынша, ол сабақ үстінде оқушы қызға бірнеше рет ескерту жасаған. Сол кезде мұғалім байқаусызда артық сөз айтып қояды. Бұл боғауыз сөз емес, бірақ намысқа тиетіні рас. Оқушы қыз бұл туралы мектепте жүрген әкесіне айтып береді. Дәл осы сәтте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды сыныпқа ертіп келіп, спорт залына бара жатады. Оны екінші сынып оқушысының әкесі тоқтатып, ұра бастайды. Жағын сындырған екен. Жағдай дәлізде болды. Бір оқушы қыздан басқа ешкім көрмеді", — деді Ирина Валерийқызы.


Оқиғаның мән-жайын баяндап отырып директор көзіне жас алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімін жедел жәрдем ауруханаға алып кетеді. Болған оқиғадан кейін мектеп директоры қыздың әкесімен сөйлесті.


"Ол өзінікін қате деп ойламайды. Керісінше ер адамдар мәселені осылай шешуі керек деген пікірде. Мектеп қабырғасында бұлай жасауға болмайтынымен келісіп отыр. Бірақ бәрібір сыртта жүргенде мұғалімді ұстап алып, дәл осылай жасайтынын мойындады. Ата-ана маған кіруі тиіс болды, ал ұстаз педагог этикасын бұзғаны үшін жазаланды. Ол жұмыстан қуылуы мүмкін еді. Әрине, мұғалім басқаларға үлгі болуы тиіс деген пікірдемін. Бірақ оны ұруға болмайды", — деді мектеп директоры.


Соққыға жығылған мұғалім құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінді. Қыздың әкесі де осылай жасауы мүмкін. Әзірге оқиғаның қалай аяқталатыны белгісіз. Бірақ мектеп тергеу жұмыстарының әділ жүруі үшін барын салуға дайын. Оның үстіне екі ер адамның қалай төбелескені мектеп бейнебақылау камерасына түсіп қалған.


Sputnik


 




Көрілген: 606    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.01.2019, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30