Оқиға

Қостанайда 17 жастағы бозбала сүйіктісімен жанжалдасқан соң көпірден секірген

  • Қостанайда 17 жастағы бозбала сүйіктісімен жанжалдасқан соң көпірден секірген

    Қостанайда 17 жастағы бозбала сүйіктісімен жанжалдасқан соң көпірден секірген

Қостанайда 17 жастағы жігіт куәгерлердің көзінше көпірден секіріп кеткен. Полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімді суық судан шығарып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас жігіттің көпірден өзенге секіргені туралы хабарлама "102-ге" 1 қараша күні кешке келіп түскен. Екі минуттан кейін полиция оқиға орнында болды.

Екі полиция қызметкері киімдерін шешіп, суға батып бара жатқан адамды құтқарып, оған алғашқы көмек берді.

"Біз киім киген адамның батып бара жатқанын көрдік. Судың салқын екенін ескерсек, ол бірден көз жұмуы мүмкін еді", – деп еске алады Батыржан Бейсенбин.

Патрульдік полиция жігітті жағаға шығарып, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары дер кезінде келіп,  жас жігіт аман қалды.

Келіп жеткен жедел жәрдем көпірден секірген жігіттің есін жинауына көмектесті. 

"Бұл әрекетінің себебі жайлы жауап бергенде, жігіт сүйіктісімен ұрсып қалғанын жеткізді. Алғашқы көмек тәртіп сақшыларына да  көрсетілді. Мырзахан Сұлтанов жағаға шыққан кезде аяғын жарақаттап алған", – деді полиция департаменті басшысының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина.




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.11.2021, 10:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31