Оқиға

Қостанайдағы демалыс орнында 5 жасар қызды аю тістеп алды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қостанай ауданындағы демалыс орнында кірекей (ұрғашы аю-ред) қыз баланы тістеді. Бұл фактіні облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақпаратты әлеуметтік желілерде оқиғаның куәгерлері мен зардап шеккен қыздың жақындары таратты.

 

«Олар 5 қыркүйек күні бес жасар қыздың ата-анасымен бірге аумағында торға қойылған кірекей бар «Радуга» демалыс орнына келгені туралы айтып берді. Анасы мен қызы оны тамақтандырмақ болған. Басында кірекей өзін жақсы ұстаған. Одан кейін қыз бала өз бетінше торға жақындайды. Осы кезде кірекей қызды аяғынан тартып, оны бірнеше рет тістеген. Баланың айғайына оның ата-анасы мен демалып жатқандар жүгіріп келді. Қыз бала құтқарылды. Жіліншігі тістелген бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

 

Болған оқиға расталды, аталмыш факті бойынша Қостанай ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 114-бабы «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіруге» сәйкес соталды тергеуді бастады. Ол 80 АЕК көлемінде айыппұл немесе сол көлемде түзеу жұмыстарын, немесе 20 тәулікке бас бостандығынан айыруды қарастырады.

 

Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізілді.

 

Демалушылар қазіргі кезде кірекейдің демалыс орнының аумағында торда екенін хабарлап жатыр. Оның жанында ескерту мақсатында сақтық шараларын сақтау керектігі туралы тақтайшалар қойылған.

 

 




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31