Оқиға

Кірпіш баланың үстіне құлаған: Павлодарда жеңіл көлік үйге соғылды, екі бала зардап шекті

  • Кірпіш баланың үстіне құлаған: Павлодарда жеңіл көлік үйге соғылды, екі бала зардап шекті

    Кірпіш баланың үстіне құлаған: Павлодарда жеңіл көлік үйге соғылды, екі бала зардап шекті

Павлодар облысында жеңіл көлік тұрғын үйге соғылды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінен мәлім еткендей, 11 сәуір күні сағат 01.30-да "ВАЗ – 21099" жүргізушісі Гагарин көшесімен келе жатқан. М.Жүсіп көшесімен қиылыста "Audi" көлігімен соқтығысқан. Екінші көлік соққының күшімен жекеменшік үйге барып соғылға - делінген ақпаратта.

 
"Салдарынан "Audi"жүргізушісі мен үйде болған екі балаға медициналық көмек қажет болды. "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі қашып кетпекке әрекеттенді. Алайда ол Жамбыл көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Машина айып тұрағына қойылды. Аталмыш факті тіркелді. сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізілуде", - деп қосты облыстық ПД-дан.

Жергілікті басылым мәліметінше, көлік жеке үйдің бұрышына соғылған. Баспананың қабырғасы жарылып, кірпіштері зақымданған, үй ішінде жылу батареясы майысқан. Кереуетте ұйықтап жатқан баланың үстіне кірпіш құлаған.

"Балалар ұйықтап қалған еді. Мен қорадан шығып бара жаттым. Кенет қатты соққы болды. Audi қоршауды бұзып өтіп, үйге соғылды. Кірпіштер қызымның үстіне түсті. Оның кереуеті дәл осы бұрышта тұрған еді. Бірден жедел жәрдем мен полиция шақырым", - деді үй иесі Марат Әлімов.




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 00:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31