Құлсарыда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетті
Құлсары қаласындағы көпқабатты үйдің төбесінен 16 жасар жасөспірім секіріп кетті. «Жедел жәрдем» алып кеткенде ол әлі тірі болды, бірақ ауруханада көз жұмды. 
 
Атырау агроколледжінің 1-ші курс студенті неліктен бұл қадамға барғаны белгісіз. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдары жүруде.
 
7 қаңтарда Индер ауданы Елтай ауылында 39 жастағы келіншек өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Ол өз үйінің сарайында асылып қалған. Артында балалары мен жұбайы қалды.  
 
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.