Оқиға

Құрылыс алаңында жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қарағандыда салынып жатқан «Сапфир» тұрғын үй кешенінде тас қалаушы болып жүрген жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды.

 

Бұл туралы Патриот telegram-каналында хабарланды.

 

Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте 18:20 шамасында болған. 2001 жылы туған жұмысшы № 349 құрылыстың № 137 есептік кварталында жұмыс істеген. Алдын ала мәлімет бойынша ол 9-қабаттан құлаған. Алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен, - делінген telegram-каналда.

 

Мәлімет бойынша марқұмның есімі Абзал Бөгетұлы Қорабай болған. Құрылыс алаңында ол ағасымен және әкесімен бірге жұмыс істеген.

 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген Қарағанды облысы ПД хабарламасында.

 

Тергеу амалдары жалғасуда.

 

Айта кетейік, аталған құрылыс алаңында 20 тас қалаушы, төрт монолитші, бес электрмонтаждаушы, екі краншы және бір жүк тиеуші жұмыс істейді екен.

 

 

 

BAQ.KZ

 

 




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 19:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31