Оқиға

Құс тұмауынан 7 өңірде 223 мыңнан астам құс қырылған

  • Құс тұмауынан 7 өңірде 223 мыңнан астам құс қырылған

    Құс тұмауынан 7 өңірде 223 мыңнан астам құс қырылған

Құс тұмауы еліміздің 7 өңірінен анықталып, қырылған үй құстарының саны 223 мыңнан асты. Осыған байланысты ауру ошағы анықталған ауылдар карантинге жабылып, ондағы үй құстары тегіс жойылады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.


Жалпы, қазір үй құстары жаппай қырылып жатқан өңір &ndash Қостанай облысы. Онда баудай түскен құстың жалпы саны 112 мыңға жеткен. Шығынның көбі &ndash құс фабрикаларынан. Одан кейін Солтүстік Қазақстанда 107 мыңнан астам құс қырылған. Павлодар облысының тұрғындары 2 мың 753 қаз бен тауығынан айырылды. Ақмола облысында 703, Жамбыл және Түркістан облыстарында 500-ден асады. Әзірге ең азы &ndash Қарағанды облысында. Нұра ауданындағы Тассуат, Изенді және Жарасбай ауылдарында ұзын саны 60 тауық пен 44 қаз өлген. Еліміз бойныша кесел анықталған жерлер карантинге жабылды. Сонымен қатар, сол елді мекендердегі үй құсының барлығының көзі жойылатын болады.

Әрі қарай сол үй құстарының қожайындарына республикалық бюджеттен қаражат беріледі. Бүгінгі күні нарықтық баға бар, 1-1,5 мың шығар тауыққа. Қазға 3 мыңның шамасында шығады. Оны комиссия анықтайды. Құстың басын анықтап, ережеге сәйкес жұмыс істейді, - деді АШМ Ветеринария комитеті аумақтық испекциясының басшысы Марат Мұхтаров.

 
BAQ.KZ




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 08:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31