Оқиға

Қызылорда облысында Фура КамАЗбен бетпе-бет соқтығысты

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Автокөлік жүргізушісі қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

4 мамыр сағат 15:00 шамасында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тасжолының бойында III интернационал ауылының тұсында “Volvo” маркалы жүк көлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Камаз” жүк көлігіне соққан.

Салдарынан “Камаз” жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды.

 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен (абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталады.

 

Қызылорда облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолдағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жол жүру ережелеріне аса мән беріп, жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.

 

 




Көрілген: 740    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 01:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31