Оқиға

Қызылорда облысында тұрғынның карантинді бұзғандарды видеоға түсіремін деп басы дауға қалған

  • Қызылорда облысында тұрғынның карантинді бұзғандарды видеоға түсіремін деп басы дауға қалған

    Қызылорда облысында тұрғынның карантинді бұзғандарды видеоға түсіремін деп басы дауға қалған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ортақшыл ауылы әкімдігінің алдында карантин тәртібін елемей, жайма базар ұйымдастартырғандарды дәл осы бейнежазбаға түсірген тұрғынның басы дауға қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Видеоға түсіруші әйелдің карантин кезіндегі заң бұзушылықты телефонына жазып алғанына әкімдік қызметкер қарсы болып, екі адамның арасында жанжал шыққан. Іс насырға шауып әкімдік қызметкер тұрғынды ар-намысыма тиетін сөздер айтты деп сотқа арызданған.

Бірақ бір қызығы жәбірлендім деген азаматша да, куәгерлер де сотта тұрғынның не деп балағаттағанын естеріне түсіре алмай қойған.

"Мемлекеттік қызметкермін ғой, менің ар-намысыма тиетін сөздер айтты: түрлі сөздер кетті, қазір нақты қандай екенін есіме түсіре алмаймын. "Қатын" деген сөздер бар", - дейді Ортақшыл ауылы әкімдігінің маманы Перизат Мусалимова.

Куәгерлердің бірнешеуі сотта жағымсыз сөздер айтылғанын айтты, алайда нақты қандай екенін еске түсіре алмады.




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.05.2020, 00:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30