Оқиға

Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қызылордада жас жігіттер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылаушы-инспекторы түнде облыс орталығындағы көшенің бірінде топқа бөлінген жастар төбелесіп жатқанын анықтады.

 

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді.

 

Мәлім болғаны, жас шамасы 20-25 жастағы жігіттер сөзге келіп қалған.

 

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде жанжалға қатысушылар оқиға орнында ұсталды.

 

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

«Камералардың арқасында қылмыстың «ізін суытпай» ашылу деңгейі артты. Жыл басынан бері бұл бағытта 101 қылмыс ашылып, 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бейнебақылау камераларының көмегімен тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу және аумақты ластау сияқты ұсақ бұзушылықтардың үздіксіз мониторингін жүргізеді», - деді Қызылорда облысты Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

 

 

 




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 18:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31